Жұмағұл – Қалба жотасының оңтүстігіндегі тау, Сарыжал тауларының батысында.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы жерінде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 885 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған таудың ұзындығы 11 км, енді жері орта тұсында (2,5 км).

Жер бедері Солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс беткейлері тіктеу, қалған беткейлері көлбеу, сай-жыралармен тілімденген. Таудың батысымен Таңды өзені ағып өтеді.

Геологиялық құрылымы Герцин қатпарлығында пайда болған тау палеозойдың метаморфталған тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Беткейлерінде бұта аралас бетеге, селеу, айрауық, т.б. шөптесіндер өскен. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы таулары