Жұмақан – Қараүңгір тауларының солтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданындағы Емелтау ауылының шығысында 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 838 м. Күрделі пішінді таудың ұзындығы 11 км, енді жері 9,5 км.

Жер бедері Оңтүстік және солтүстік беткейлері тіктеу, қалған беткейлері көлбеу келген. Шығысында қорымды төбелер кездеседі. Батыс бөлігінде өзімен аттас қыстау жатыр. Солтүстік етегінде Тасқара кеніші бар. Етегі мал жайылымына пайдаланылады."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары