Жыланды – Есіл алабында орналасқан тұйық көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Димитровка ауылынан батысқа қарай 9 км жерде, Балықты көлінің оңтүстік-батысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 134 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 8 км2, ұзындығы 3,8 км, енді жері 3,3 км, жағалау бойының ұзындығы 12,3 км. Көлге Басқарасу жылғасы келіп құяды. Жағалауы тегіс, аз тілімденген. Қарашаның басында суы қатып, сәуірдің аяғында ериді. Суы тұщы. Мал және егін шаруашылығына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері