Жымпиты – Бұлдырты өзенінің оң саласы.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Көкөріс ауылының шығысынан алып, Бұлдырты өзеніне оң жағынан құяды. Амансай жайлауына дейін Райымқарасу деп аталады. Ұзындығы 70 км шамасында.

Гидрологиясы Арнасы тар, жағалауын құм төбелер алып жатыр. Суы қарашаның соңында қатып, сәуірдің басында ериді. Жылдық орташа су ағымы 0,8 м3/с. Қар және жер асты суларымен толығып, көктемде тасиды. Суы шабындықтарды суғаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сырым ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері