Жымықы – Шалқартеңіз алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 105 км, су жиналатын алабы 1460 км2.

Бастауы Ұлытаудың оңтүстік-батысындағы Лақбай қонысы маңынан басталып, Қоңыртөбе тауына (166 м) 12 км-дей жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы Арнасы тік жарқабақты келген. Өзен жауын-шашын, бұлақ суларымен толығады. Ұзындығы 10 км-ден аспайтын 50-ге жуық салалары бар. Жымықының суы мал суаруға, алабы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Шалқар су алабы