Жіңішкесай – Елек алабындағы өзен.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Қотантал ауылының шығысынан алып, Жаңакүш ауылының шығысында Елек өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 40 км. Арнасы тар, жағалауын бойлай тегіс жазық алып жатыр. Тасмола ауылының оңтүстігінде сол саласы қосылады. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Жылдық орташа су ағымы 0,9 м3 /с. Қар және жер асты суларымен толығады. Шабындықтарды суғаруға, мал шаруашылығына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шыңғырлау ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері