Кендірлі дегерес – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы қоныс. Шу өзені аңғарында. Солтүстіктен оңтүстікке, одан шығысқа қарай созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 300 – 310 м биіктікте. Маңында Тәкенқазған бұлағы мен Ащыбұлақ және өзімен аттас құдықтар орналасқан. Сортаңды сұр топырақ жамылғысында сирек сексеуіл шоғырлары, жусан, күйреуік, баялыш өседі.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан қоныстары Санат:Жамбыл облысы қоныстары