Кепкен – Ешкіөлмес тауының шығысындағы шоқылы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентінің солтүстік-батысында 42 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 0,7 м. Абсолюттік биіктігі 812 м, салыстырмалы биіктігі 62 м.

Жер бедері Көлбеу келген беткейлерінде тау жартастары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстік беткейінде қорымтастардың мол үйіндісі бар.

Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің ортаңғы және төменгі бөлігінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Тауалдының нашар дамыған қоңыр топырағында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі. Жазғы жайылымдық пен мал қыстатуға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары