Көген – Балқаш көлінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі оқшауланған тау массиві.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Ақтоғай кентінен солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Бақанас және Аягөз өзендерінің аралығында. Абсолюттік биіктігі 507 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-ге, енді жері 7 км-ге созылып жатыр.

Жер бедері, геологиясы Беткейі көлбеу келген. Жер қыртысы герцин қатпарлығының андезит, дацитриолиттерінен түзілген.

Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, баялыш, терек өседі. Баурайы мал қыстағы ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары