Көксор – Көкшетау қыратының солтүстік бөлігіндегі тұзды тұйық көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Біржан сал ауданы Андықожа батыр ауылының солтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. Көксеңгірсор көлі алабында. Теңіз деңгейінен 222 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 6,2 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 12,2 км. Орташа тереңдігі 0,5 м. Жағалауы түйетайлы, қоға аралас қамыс өседі. Көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірде ериді. Жазда су айдыны тартылып қалады.

Санат:Біржан сал ауданы көлдері