Көктөбе – Шолақ және Көктөбе өзендерінің аңғарындағы төбе.
Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қонысынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 377 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді келген. Денудациялық жазықтағы бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу өседі. Төбенің батысымен Ақтөбе – Қандыағаш темір жолы өтеді.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ақтөбе облысы
Санат:Алға ауданы географиясы Санат:Төбелер