Әбдісәмет Қазақбаев (1898, Қаракеңгір өзені бойы, Ұлытау болысы, Сырдария облысы — 1959, 26 шілде, Алматы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы (17 шілде 1938 жыл – қаңтар 1947 жыл).
Өмірбаяны Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан.
1924—1937 жылдарда Ақмола ауданында ауылдық Кеңес хатшысы, төрағасы, колхоз басқармасы. 1937—1938 жылдарда аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары 1938 жылы Қарағанды облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 16 шілде 1938—18 наурыз 1947 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті бюросының мүшесі. 1947 жылғы наурыз айында қызметінен босатылды. нобай|оңға|Қабіріндегі құлпытасы (әрі оң жағында ұлы Бақтиярдың да бейіті тұр). 1959 жылдың 26 шілдесінде Алматыда қайтыс болды. Қаланың Орталық зиратына жерленді.
Қоғамдық қызметі КСРО Жоғары Кеңесінің 1 және 2-шақырылымына депутат болып сайланды. Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне бірнеше рет депутат болып сайланды.
Марапаттары 2 рет Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені және т.б. медалдармен марапатталған.
Санат:Ұлытау ауданында туғандар Санат:Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағалары Санат:Қазақстан КП ОК мүшелері Санат:КСРО ауылдық кеңестерінің төрағалары Санат:Целиноград аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Колхоздар төрағалары Санат:БКП(б) XVIII съезі делегаттары