Көлқайнар – Айғыржал жотасының солтүстік-шығысында 14 км жерде орналасқан тау.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданындағы оқшауланған тау.

Жер бедері, өсімдігі Абсолюттiк биіктігі 928 м, ұзындығы мен ені 2-2,5 км. Беткейлері көлбеу келген, сәл тілімденген. Таудың қиыршықтасты бозғылт қоңыр топырағында далаға тән шөптесіндер өскен. Оңтүстігінен 3 км жерде Батырбек өзені бастау алады. Тау етегінде бірнеше бұлақтар бар.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жарма ауданы таулары