КӨМІРЛІ АУДАНДАРДЫҢ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ– көмір кен орында-рындағы борпылдақ балшық, құм топырақ шөгінділерінің кеуектері мен жарықтарына сіңген сулар. Мұндай сулы қабаттар көмірлі қабаттардың астында арасында, үстінде болады. Алғашқы екеуіндегі сулар көбінесе арын күші зор, ұңғыма мен шахта қазғанда шапшымалы келеді. Сулы және сусыз қабаттар кезектесе немесе алмаса жататындықтан, көмірлі қабаттардың астындағы, арасындағы, үстіндегі сулар көп жерлерде бір-бірімен жалғасып, ұласып жатады. Мұның өзі кей жерлерде, әсіресе, тектоник. құрылымы күрделі аудандарда шахталар мен штольняларды ұзарту үстінде су құйылымының кенеттен молаюына себепкер болады. Көмірлі аудандардың физ.-геогр. жағдайларымен қалыптасқан шөгінділердің геол. құрамына қарай жер асты суларының су өнімі әр түрлі болады. Шөл, шөлейт жазық далаларда орналасқан балшықты, уақ құмтасты шөгінділерден құралған көмір кен орындарындағы шахталарға су құйылымы тәулігіне 1000 – 2000 м3-дей. Ал ылғалды, таулы, қыратты, әсіресе, суы топыраққа тез сіңетін өзен, көл жақын орналасқан аудандарда, қиыршықтасты не тасты шөгінділерден құралған көмір кен орындарындағы шахталарда тәуліктік су құйылымы 10 – 15 мың м3-ге, тіпті 20 – 25 мың м3-ге жетеді.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Көмірлі аудандардың жер асты сулары · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.