Күнзе, кориандр () – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Жерорта т. маңында кездесетін 2 түрі белгілі. Қазақстанда қолдан өсірілетін 1 түрі – мәдени күнзе (С. satіvum) бар. Оның биіктігі 30 – 70 см, тамыры жіңішке, жіпше иретіліп жатады. Сабағы қатпарланған. Төменгі жапырақтары тұтас немесе үшке бөлінген, ал жоғарғылары – қауырсынды тілімденген. Тостағанша жапырақшалары үш бұрышты тісті, күлтелері ақ түсті, екі қалақты. Гүлдері дара жынысты, 10 – 15 гүлі бірігіп, шатырша гүлшоғырын құрайды. Шатыршалары 4 – 5 сәулелі. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі шар тәрізді домалақ. Жас бұтағын дәм-татымдық ретінде (кинза) тағамға қосады. Күнзенің жемісінің құрамында 1,18% эфир майы бар. Жемісін қайнатқаннан кейін эфир майының құрамында 18%-дай жоғары сапалы май пайда болады, оны сабын қайнатуда пайдаланылады. Майын бөліп алғаннан кейінгі күнжарасы құнарлы мал азығы ретінде малға беріледі.“Қазақ энцклопедиясы”
Дереккөздер
Санат:Шатыршагүлділер