Кіндіктас – Шу-Іле тауларының орта тұсындағы тау сілемі.
Географиялық орны Жамбыл облысы Шу және Қордай аудандары аралығында. Қопа аңғары мен Шу өзені аралығындағы суайрық. Абсолюттік биіктігі 1519 метр. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км шамасында созылып жатыр, ені 15 – 20 км.
Геологиялық құрылымы Таудың оңтүстік-шығыс бөлігі палеозой гранитінен, солтүстік-батысы тас көмір және кембрий шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі Беткейі жусан, боз, бұта және эфемер өсімдіктеріне бай. Оңтүстік-батыс беткейінен Шоқпар, Кербұлақ, Теректі, Шатыркөл, т.б. өзендер бастау алады. Баурайы жайылымға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, 9-том
Дереккөздер
Санат:Қордай ауданы таулары Санат:Шу ауданы таулары