Солтоноев, Белек Солтонкелди уулу (23 ақпан, 1878, Экинчи айылы, Жантай Чоң-Кеме уезі, Чоң-Кеме аңғары - 1938) - КСРО және қырғыз тарихшысы, КСРО және қырғыз ақыны, ағартушысы.
Өмірбаяны Қарақол орыс-түзем мектебінде оқыған. Пішпекте қырғыздарға арналған бағбандық мектебінде оқыған. 1916 жылы Әтеке болысының болыс басқарушысы болып сайланды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, басқа көтерілісшілермен бірге Қытай асып кетеді. 1917 жылы елге қайтып келеді. Жетісуда кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. 1920-24 жылдары солтүстік Қырғызстанда оқу-ағарту жұмысымен айналысқан. 1924 жылы қырғыз босқындарының істерімен Шығыс Түркістанда (Құлжа) болып қайтқан. 1927-37 жылдары Қырғыз АКСР Халкомсовының ғылыми қызметкері. 1937 жылы жазықсыз қамауға алынып, 1938 жылы атуға үкімделді. 1955 жылы ақталды.
Ғылыми еңбектері Шежіре деректері мен еуропалық әдебиет материалдарының негізінде қырғыз халқының тарихы бойынша еңбек жазуға тырысты. Оның «Кызыл кыргыз тарыхы» (басқаша атауы - «Кыргыз-казак тарыхы») деген қырғыз тілінде араб графикасымен жазылған бірегей еңбегі Кенеш Жусуповтың арқасында ғылыми айналымға енгізілді, кейін екі том болып басылып шықты (Бишкек, «Учкун», 1993).Урстанбеков Б.У., Чороев Т.К. Кыргыз тарыхы: Кыскача энциклопедиялык сөздүк: Мектеп окуучулары үчүн. – Фрунзе: Кыргыз Совет Энциклопедиясынын Башкы Редакциясы, 1990. - 113 б. ISBN 5-89750-028-2Кыргыз Совет Энциклопедиясы: 6 томдук/ Башкы редактор Орузбаева Б. Ө./ - Фрунзе: Кыргыз Совет Энциклопедиясынын башкы редакциясы, 1977-1980. - Том 1-6.Асанов У.А., Джуманазарова А.З., Чоротегин Т.К. Кыргызская наука в лицах: Краткий исторический и био-библиографический свод / Отв. ред. У.А.Асанов. - Бишкек: Центр госязыка и энциклопедии, 2002. - 544 стр., илл., карты. (ISBN 5-89750-142-4) )U.A.Asanov, A.Z.Jumanazarova, T.Chorotegin. Kyrgyzskaia nauka v litsah: Kratkiy istoricheskiy I bio- bibliograficheskiy svod / Otv. Red. U.A.Asanov. – Bishkek: Tsentr gosyazyka I entsiklopedii. 2002. – 544 pages, ill., map. (ISBN 5-89750-142-4))
Дереккөздер
Санат:1878 жылы туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Қырғыз билері Санат:Қырғызстан ақындары
Санат:КСРО ақындары
Санат:Қырғызстан тарихшылары Санат:КСРО тарихшылары Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:Қайтыс болғаннан соң ақталғандар Санат:23 ақпанда туғандар