нобай|оңға|Қағанақсыз жануарлар мысалдары ҚағанақсыздарБекітілген терминдер termincom.kz () — ұрығының дамуы кезінде арнайы ұрық қабықтары болмайтын төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың жеке тобы.
Қағанақсыздарға дөңгелекауыздылар, балықтар және қосмекенділер кластары жатады.Қазақстан энциклопедиясы
Жалпы сипаттамасы Қағанақсыздарға жататын омыртқалы жануарлардың көпшілік түрлерінің тіршілігі тікелей сулы ортада өтеді.
Қағанақсыздардың көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, кейде іштей ұрықтанатын түрлері де кездеседі. Қағанақсыздардың ұрықтанған жұмыртқа клеткалары сулы ортада (кейде ылғалы мол жерлерде) дамиды. Олардың жұмыртқаларында жеткілікті мөлшерде сары уызы болады. Жұмыртқасы біркелкі бөлшектенбей дамиды. Жұмыртқадан сулы ортада тіршілік етуге бейімделген дернәсіл пайда болады. Қағанақсыздардың кейбір түрлерінің (балықтардың) дернәсілдері ересектеріне біршама ұқсас келеді. Ал кейбір түрлерінің (құйрықсыз қосмекенділердің) дернәсілдері күрделі түрленіп барып, ересектеріне айналады. Қағанақсыздардың кей түрлерінде (дөңгелекауыздыларда) үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері болмайды. Ал балықтар мен қосмекенділерде жақ сүйектері жақсы дамыған. Қағанақсыздардың барлық түрі омыртқалы жануарлардың салқынқандылар (пойкилотермиялы) тобына жатады.
Дереккөздер
Санат:Омыртқалылар