Қайрақты – Дегелең (892 м) тауларының шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Қасқабұлақ ауылының оңтүстік-батысында 32 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 628 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км.
Жер бедері Беткейлері көлбеу, ұсақ шоқылардан тұрады.
Өсімдігі Таудың қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары