Қайыңды – Шалқар алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысының Мұғалжар, Шалқар аудандары жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Мұғалжар тауының шығысындағы Шортай тауынан алады. Қаратоғай ауылы тұсында Шетырғыз өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 98 км, су жиналатын алабы 1060 км2. Аңғары кең, арнасы жалпақ. Қар, жер асты суларымен толығады. Көктемде тасиды. Ағынды суы көктемдегі қар еру кезінде 10 – 15 күнге ғана созылып, жазда қарасуларға бөлініп қалады.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мұғалжар ауданы өзендері Санат:Шалқар ауданы өзендері Санат:Шалқар су алабы