Қайыңдыкөл — Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы батпақ. Костычевка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км жерде, теңіз деңгейінен 196 м биіктікте жатыр.

Аумағы 4,1 км², ұзындығы 3,1 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,8 км. Күрделі пішінді Қайыңдыкөлдің орта тұсы көтеріңкі келген. Қалған бөлігін қамыс, құрақ басқан. Оң түстігінде Көмпіркөл батпағы жатыр. Кезінде көл болған Қайыңдыкөлде тек көктемде еріген қар суы мен жауын-шашында ғана көлшік пайда болады да, жылдың басқа кезеңдерінде шалшық суға айналады. Алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Фёдоров ауданы географиясы Санат:Қазақстан шалшықтары