Қаңбақкөл – Кіші Борсық құмының солтүстігіндегі сор.

Географиялық орны, сипаты Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шілікті ауылының солтүстігінде 20 км жерде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км-ге жуық. Жазда тартылып сор батпақты, тақырға айналады. Солтүстігінде Жалпақсор соры, шығысында Шұбартөбе төбесі, шығысында Аққоңырдөң қонысы орналасқан. Жағалауында сирек сексеуіл шоғырлары кездеседі.

Санат:Шалқар ауданы көлдері