Қараадыр – Ақмола облысы Жарқайың ауданының орта тұсындағы тау.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 330 м. Есіл өзенінің оң жағалық аңғарынан 6 км жерде, батыстан шығысқа қарай 4 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2,5 км-ге созылып жатыр. Есілге қараған оңтүстік, оңтүстік-шығыс беткейлері тіктеу келген, қалған бөлігі көлбеулеу. Оңтүстігінде 6 км жерде Тассуат елді мекені орналасқан.
Өсімдігі Беткейлерінде құрғақ далаға тән бетеге, көкпек, баялыш, т.б. шөптесіндер өскен.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жарқайың ауданы таулары