Аққошқар – Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы Құланөтпес өзенінің жайылмасындағы тұйық көл.
Гидрографикасы Аумағы 11,6 км2, су жиналатын алабы 21,6 км2. Суы қараша айының 1-жартысында қатып, сәуірдің 2-жартысында мұзы ериді.
Өсімдігі, жануарлары Жағалауында қамыс, шалғын өседі. Көлде шортан, алабұға, табан, сазан балықтар бар, көктемде су құстары ұя салады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Қорғалжын ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы