Ақмамық , Алмалық – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы көл. Балықты жайылмасының солтүстік-батысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 3,7 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 4,03 км2, ұзындығы 2,5 км, ені 2,5 км. Жағалауының ұзындығы 8,6 км. Көл қар, жауын-шашын суларымен толысады. Суы қарашаның 1-жартысында қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Жазда суы тартылып қалады.

Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ, астық тұқымдас ақмамық шөбінің өсуіне орай көлді Ақмамық деп атаған. Дәмі кермек, жазғытұрым ащы. Жағалауы шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады.

Санат:Казталов ауданы көлдері