Алтықыз – Оңтүстік Алтай жотасының батыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы жерінде.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2906 м. Тау солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Таудың солтүстік-батыс беткейі тік, сай, шатқал, қырқааралық аңғарларға бөлінген.

Өсімдігі Солтүстігі қалың қарағай орманымен көмкерілген. Оңтүстік-шығысында сирек орман бұталары өскен. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Дереккөздер

Санат:Катонқарағай ауданы таулары