Алтынсарин мұздығы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейінде Қора өзенінің бастауында орналасқан тау аңғарлық мұздық. Негізгі бөлігі Алтынсарин шыңының беткейінде жатыр. 1950-1952 жылдары мұздықты Қазақстан Ғылым Академиясы география секторының экспедициясы зерттеген. Мұздыққа ағартушы Ы.Алтынсарин есімі берілген (1952).
Аумағы Ұзындығы 1,8 км, ашық бөлігі 1,3 км, ауданы 1,0 км2. Мұздықтың ең биік нүктесі 3810 м, ең төмен нүктесі 3250 м, фирн сызығы 3450 м биіктікте. Мұзының жалпы көлемі 0,064 км3, пішіні жарты ай тәрізді. Аумағы жылдан-жылға кішіреюде.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысы мұздықтары Санат:Жетісу Алатауы