‎

Андезин (Формуласы (Na,Ca)Al(Si,Al)3O8) – силикаттар класы, плагиоклаздар тобына жататын минерал. Альбит (50 – 70%) пен анортиттің (30 – 50%) изоморфты қосылысынан тұрады. Триклиндік сингония түрінде кристалданады. Кристалдары жапырақша, призма тәрізді болып, ұсақ түйірлі масса құрайды. Андезиннің түсі ақ, сұрғылт ақ, кейде қызғылт, көгілдір болады. Шыны тәрізді жылтыр; Моос шкаласы бойынша қаттылығы 6; меншікті салмағы 2680 кг/м3, жымдастығы жақсы жетілген. Орташа қышқыл құрамды интрузивті және эффузивті жыныстарда тау жыныстарын құраушы минерал ретінде кең тараған. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Сілтеме

Санат:Алюминий минералдары Санат:Натрий минералдары Санат:Кальций минералдары