Антракотерий () – шошқатәрізділер отряд тармағына жататын қазбадан табылған сүтқоректі жануарлар тұқымдасы.
25 туысы анықталған. Антракотерийдің қаңқа сүйектері Еуропа мен Азия, Солтүстік Америкада эоцен – плиоцен дәуірінен, Солтүстік Африкада олигоцен, Қазақстанда Торғай қолатында орта олигоценнен, Асқазансор қазба фаунасы маңында жоғарғы олигоцен дәуірінің шөгінді қабаттарынан табылған. Антракотерийлердің үлкендігі кішкене доңыздан бегемоттың дене мөлшеріне дейін болған. Аяғы 4 саусақты, ит тісі ірі, жоғ. азу тістері бес бұдырлы. Негізінен суда да, жерде де тіршілік еткен. Антракотерийлерден бегемоттар шыққан.Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
Дереккөздер
Санат:Жұптұяқтылар Санат:Эоцен дәуірі сүтқоректілері Санат:Миоцен дәуірі сүтқоректілері Санат:Олигоцен дәуірі сүтқоректілері Санат:Плиоцен дәуірі сүтқоректілері Санат:Жойылып кеткен жануарлар Санат:Сүтқоректілер