Аңқал (Clіnopodіum) – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауларының беткейлеріндегі жапырақты ормандарында, өзен бойларында өсетін 1 түрі – тегісжиек А. (С. іntegerrіmum) бар. Биікт. 30 – 40 см. Сабақтары түкті, төрт қырлы. Жапырақтары ұзынша, сыртын түк басқан. Гүлшоғыры көп гүлді, қалың. Гүлжапырағы көп, тостағаншасы түкті, кейде тықыр. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, маусым – тамызда жемістенеді. .Қазақ Энциклопедиясы, I-том
Сыртқы сілтемелер Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктерді сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы Аңшылық
Дереккөздер
Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Биология