Аңырақай – Жамбыл облысы Шу ауданы жеріндегі тау сілемі. Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тарихи жер аты. Абсолюттік биіктігі 1295 м. Ұзындығы 75 км, ені 5 км.
Геологиялық құрылымы Архей гнейстері мен кристалды тақтатастардан түзілген.
Жер бедері Беткейлерінің оңтүстік-батысы жазық, солтүстік-шығысы құлама жар, қорым тасты, шыңды келеді.
Өсімдігі Қиыршықтас араласқан қоңыр топырағында жусан, бетеге, селеу, қараған, тобылғы, ал тау аңғарларында бұта аралас қау өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі
Санат:Шу ауданы таулары