Ауыл шаруашылығы географиясы — а. ш. өндірісі орналасуының табиғи және әлеум.-экон. факторларын, оның жеке елдер мен аудандарда даму жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтау мен талдауды қоса а. ш. өндірісінің аумақтық саралануының заңдылығы мен ерекшеліктерін зерттейтін географияның бөлімі; а. ш. өндірісін аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің басқа салаларымен өзара байланысын қарастырады. Ауыл шаруашылығы географиясы ауыл шаруашылығы өндірісінің орналасуы мен аумақтық ұйымдастырылуының жалпы теориясын, ауыл шаруашылығының жеке салаларының (егіншілік, мал шаруашылығы, т.б.) географиясын, әртүрлі аумақтарды жіктеуді және типке бөлуді қамтиды.
Әдебиет Қазақ энциклопедиясы (?)
Санат:Ауыл шаруашылығы Санат:География