Ащытасты – Торғай алабындағы Тасты өзінінің оң саласы.

Географиялық орны Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігі аумағында. Ұзындығы 130 км, су жиналатын алабы 5240 км2.

Бастауы Арқалық тауының оңтүстік-шығыс беткейінен басталып, Тасты өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғарының ені жоғарғы ағысында 400 м, төм. ағысында 2 км-ге, сағасында 5 км-ге дейін жетеді. Басты салалары: Байқожа, Ақжар, Түлкісай, Жосалысай. Жауын-шашын, қар, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 2,76 м3/с. Ащытасты жайылымдарды суландыруға және малға суат есебінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Арқалық қалалық әкімдігі өзендері Санат:Торғай су алабы