Байғыз () — жапалақтәрізділер отрядына жататын Нақтылы жапалақ тұқымдасы Байғыздар туысының құсы.

Таралуы Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысынан басқа жерлердің бәрінде мекендейді, әсіресе, Үстіртте, Маңғыстауда, Арал, Балқаш жағалауында, Қаратауда, Алтайда жиі кездеседі. Республикамызда байғыздан басқа, орман байғызы (Aegolius funereus), байғызша (Glaucidium passerinum) деген түрлері бар.

Биологиялық сипаты Байғыздың қоразы қанатының ұзындығы 153—172 мм, салмағы 154—157 г, мекиенінің денесі ірілеу, қанатының ұзындығы 157—175 мм, салмағы 195—260 граммдай болады. Арқасы қоңыр теңбілді, бауыры ақшыл тарғыл, тұмсығы сүйір, имекті келеді. Жарқабақтардағы індер мен жартастағы үңгірлерге ұя жасап, оған 4—6 ақ жұмыртқа салады.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 Оны мекиені бір айға жуық басады, балапандарын 35—40 күнде ұядан ұшырады.

Қорегі Байғыз — отырықшы құс. Олар майда кеміргіштермен, торғай тәрізді құстармен, ұсақ жәндіктермен қоректенетіндіктен, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Алайда қазақ халқының дәстүрлі ұғымында байғыздың шақыруы жаман ырымға баланып, бұл құсқа қатысты әр түрлі аңыздар пайда болған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;"Ордабасы": Энциклопедия.- Шымкент:"Ордабасы".2008.

Дереккөздер

Санат:Жапалақтәрізділер