Балықсор – Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы көл. Қорғалжын ауылынан оңтүстік−шығысқа қарай 4 км−дей жерде, теңіз деңгейінен 329 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 6,4 км 2, ұзындығы 4,4 км, енді жері 1,6 км, жағалауының ұзындағы 12,4 км. Су жиналатын алабы 50 км 2. Жағалауы жазық, көл түбі лайлы. Суы ащы, жаз айында кеуіп қалады. Қар суымен толысады.
Санат:Қорғалжын ауданы көлдері