Бартылдақты – Атырау облысы Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 21 км жерде орналасқан көл.
Гидрографикасы Аумағы 6,4 км2, теңіз деңгейінен 22,7 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 5,0 км, енді жері 1,9 км, жағалау бойының ұзындығы 13,5 км. Су жиналатын алабы батпақты сор. Көктемгі қар, жауын-шашын суларымен толысады. Қарашада қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұзды. Солтүстік-батысында Тентексор қонысы орналасқан.ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫ: Энциклопедия Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2008. ISBN 9965-893-20-9
Этимологиясы Бартылдақты көліне қатысты ақпарат жоқтың қасы.Бұл көл тұзды көлдердің қатарына жатады.
Дереккөздер
Санат:Жылыой ауданы көлдері