Бектауата тиынтығы“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 (Hedysarum bectauatavicum) – бұршақ тұқымдасы, тиынтық туысына жататын көп жылдық өсімдік. Орталық Қазақстанның Бектауата тауының тасты беткейлерінде, жартастардың қуысына жабыса өседі. Биіктігі 20 см, бұтақталған жер асты сабағы бар. Жапырақтары ұзын сағақты, 4 – 5-тен жұптаса орналасқан дөңгелек жапырақшалары болады. Гүлсағақтары жапыраққа тең немесе ұзындау келеді. Желегі қызғылт көк түсті, ұзындығы 15 мм. Маусым – шілдеде гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жеміс бұршағы 2 – 3 бөлікке жіктелген, маржан тәрізді тізбектеліп орналасқан, әрбір бөлігі жалаңаш болады. Бектауата тиынтығ өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Дереккөздер</span>
Санат:Бұршақтар тұқымдасы