Берікқара – Сарыарқаның шығысындағы Қызылтас тауы сілемдерінің бірі; күміс, қорғасын, мыс өндірілген ежелгі кеніш орны.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, Нұра, Тоқырау өзендерінің бастауында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1093 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8-10 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Беткейлері көлбеу, сайлармен тілімденген. Таудан көптеген бұлақтар бастау алады.

Геологиялық құрылымы Жоғары девон кезеңінің кремнийлі-карбонатты жыныстарынан (кварц, порфир) түзілген.

Өсімдігі Беткейлеріндегі қызыл қоңыр және ашық қызыл қоңыр топырағында бетеге, жусан, сұлыбас, қараған, тобылғы, тасжарған, т.б. өседі. Тауаралық аңғарлар мен сайларда көктерек, тал, түрлі бұталар, астық тұқымдас және түрлі шөпті шалғын кездеседі. Арқар, елік мекендейді.Қазақ энциклопедиясы

Тағы қараңыз Берікқара кен орны

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары