Бозқасқа – Қызбелтаудың солтүстік-шығысы, Торғай қолатының орталық бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Қостанай облысы Науырзым ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 229 м.
Жер бедері Бірнеше сай-жыралармен тілімденген. Шығысында Үлкен Дәмді өзені және Дәмді ауылы орналасқан. Таудың баурайында өзімен аттас бұлақ бар.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырағында ажырық, ши, жусан, боз, селеу, бетеге өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Науырзым ауданы таулары