Большое – Теңіз-Қорғалжын алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы, Песчанка ауылынан 1 км шығыста орналасқан көл.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 158,0 м биіктікте. Аумағы 5,13 км2. Ұзындығы 4,1 км, енді жері 2,1 км. Маңында Долбилово, Куриное, Торакөл, т.б. көлдер орналасқан. Негізінен қар суымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді.
Өсімдігі Тегіс жазықты жағалауларында боз, селеу, қияқ, мажыра, бұталы ағаштардан қайың, қарағай, теректер өседі.
Санат:Ұзынкөл ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы