Бор сиякөгі () – бақажапырақ тұқымдасы, сиякөк туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Ембі өзенінің орта ағысының бойындағы балшықты төбелерде өседі. Биіктігі 30 см. Сабақтарының жоғары жағы бұтақтанып келеді. Дөңгелек пішінді етжең жапырақтары қос-қостан, кейде үшеуден біріге орналасады. Сары түсті гүлдері бұтақтарының ұшына топталған. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – дөңгелек пішінді қорапша. Бор сиякөгі өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Бақажапырақтар