Бортау, Ақтау – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы жерінде орналасқан таулы қырат, Шыңғырлау және Елек өзендері аралығында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі – 262 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 22 км-ге созылып жатыр, енді жері 12 км. Жер бедері тегіс, батысы мен шығысының сай-жыраларынан Ақсу, Шилі, т.б. кішігірім өзендер бастау алады.

Геологиялық құрылымы Бор, юра кезеңдерінің әктас, кварцит, құмтасты шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Жазық жерлерінде бетеге, боз, еркек шөп, т.б. астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясыБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Бөрлі ауданы таулары