thumb|right|190px|Еуропа орманшөбі Еуропа орманшөбі (Sanіcula europaea) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Алтайдағы Үбе қыратында кездеседі. Биіктігі 40 – 80 см, сабағы жіңішке, түзу өседі. Жапырақтары ұзын сағақты тамыр түбінен шығады. Жапырақ табақшалары жүрек немесе бүйрек пішінді, 3 – 5 бөлікке бөлінген, шеті тісті. Ең жоғары жапырағы отырыңқы. Гүлдері сабақ ұшында домалақ шатырша гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі домалақ, тікенді. Еуропа орманшөбі өте сирек кездесетін реликт өсімдік, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазақ энцклопедиясы Дереккөздер
Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Биология