right|thumb|Асфальт жол құрылысы Асфальт (грек. (sphaltos — тау шайыры) — минералдық заттардың (әктас, құмтас т.б.) битуммен қоспасы. Ол табиғи және жасанды болып екі түрге бөлінеді. Асфальттың табиғи түрі мұнайдың қысым әсерінен жер бетіне шығуына және оның жеңіл бөлшектерінің ауаға ұшуына байланысты пайда болады. Ол әр түрлі (құм, топырақ т.б.) заттармен араласуынан қоюланып жер бетінде үлкен-кішілі төбешіктер күйінде кездесетін асфальтитке айналады. Асфальттың жасанды түрі — ұсақталған минералдық заттар мен битумның қоспасынан алынатын байланыстырғыш материал. Асфальтты құм, қиыршық тас т.б. араластырып автомобиль жолдарына, еденге, шатырға төсейтін құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Асфальт кен орындары Қазақстанның мұнайлы өңірлерінде (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе) кездеседі. Жалпы қоры 20 миллион метр кубтан астам (1997).Санат: Қазақ ұлттық энциклопедиясыОрысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0 Дереккөздер
Санат:Мұнай өнімдері
az:Asfalt da:Asfalt de:Asphalt eo:Asfalto fi:Asfaltti is:Malbik ko:아스팔트 콘트리트 nl:Asfalt nn:Asfalt sv:Asfalt