нобай|орта|1200px| Үлкен Шаған ауылына қош келдіңіз!

Үлкен Шаған — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Көшім ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталық - Перемётное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 42 км жерде, Жайықтың Көшім тармағы бойындағы қамыс, құрақ, аралас боз, бетеге, т.б. әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты құрғақ далалық белдемде орналасқан. нобай|солға|200px|Үлкен Шаған ауылы нобай|солға|200px|Үлкен Шаған ауылы

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1571 адам (734 ер адам және 837 әйел адам) болса, 2009 жылы 1562 адамды (755 ер адам және 807 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1503 адамды (750 ер адам және 753 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1961-1997 жылы “Көшім” астық өсіру кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Үлкен Шағанда және округке қарасты Ақсу, Колесово, Көшім, Кіші Шаған елді мекендерінде ЖШС-тер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері