Фарватер (, varen — қозғалу, жүзу және water — су): Су асты және су үсті кедергілері арасынан кемелердің қауіпсіз жүзетін су жолы. Фарватер навигациялық қоршалым құралдары (буйлар, қадалар, екі жарма белгілер) арқылы белгіленетін кедергілер (аралдар, тайыздар арасында) арасымен кемелердің жүзуіне арналады. Саяз сулы айдындарда кемелердің жүзуіне арналып тереңдетілген канал.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Санат:Гидрология Санат:Терминология