Достық — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 53 км-дей жерде, боз, бетеге өскен тау алды жазығының қызыл қоңыр, қоңыр топырағында орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен25003091 3339 108 1532 1714 111,9 1559 1625 104,2

Тарихы 1963 жылы “Қаратұрық” темекі кеңшары, кейін (1981) А.Саттаров атындағы кеңшардың бөлімшесі болды. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы Достықта орта мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері