thumb|left|270px|Ғарыштан түсірілген сурет thumb|270px|left|Аланд аралдарының топографиялық картасы thumb|left|270px|Аланд аралдары Аланд аралдары ( — Оланд, , Ахвенанмаа - «алабұға елі») — Балтық теңізінде орналысқан архипелаг, Скандинавия елдерінің бірі. Финляндия құрамындағы автономия болып табылады. Халық саны - 28 501 (2012 ж.). Провинцияның жалғыз қаласы әрі астанасы - Мариехамн (11 мың тұрғын 2008 жылы).
Ресми тілі - Швед тілі: 91,2 % халық үшін - бұл ана тілі, тұрғындардың 5 % үшін ана тілі Фин тілі; басқа тілдердің үлесі - 3,8 %.
Валютасы - еуро. Ақша айналуында швед кронасы да бірдей пайдаланады.
Географиясы Архипелаг Балтық теңізінің Ботник шығанағында орналасқан. Шығысында Финляндияның құрлық аймағынан Архипелаг теңізінің шхераларымен бөлінген. Батысында және солтүстік-батысында Швециядан Сёдра-Кваркен бұғазымен бөлінген.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай архипелагтың ұзындығы - 130 км. Архипелаг 6757 аралдардан құралған, олардың ішінде 60-сы - елді мекен. Әлемдегі ең үлкен архипелаг болып саналады. Жалпы аумағы - 1552 км²,оның ішінде 27 км² аумағын өзендер мен көлдер алады. Архипелагтың ең ірі аралы - Аланд аралы, аумағы - 685 км². Архипелагтың ең биік жері - Оррдальсклинт белесі, биіктігі 129 м.
Кейбір ірі аралдары (аумағы 5 км²-ден көп):
Аты Аумағы (км²) Биік төбесі (м) Тұрғыны (адам)Аланд аралы 685 129 21 400Лемланд 92 77 1849Эккерё 91 36 978Лумпарланд 33 61 397Вордё 29 48 400Эстерсокнен 23 Кумлинге 23 238Хуммерсёландет 17 Дегерё 14 35 Хеллсё 12,8 Энклинге|sv|Enklinge}} 12,2 87Соннбудаландет 10,4 Чёкар 10,3 Сеглинге 9,7 46Соттунга 9,3 Чиркландет 6,8 17
Климаты Климаты қоңыржайлы, солтүстік елдерінің арасында күн көзін көбірек көретін аймақ болып есептеледі. Мұздар қаңтардың ортасында қатады да сәуірдің ортасы-мамырдың басында ериді. Қаңтардың орта температурасы - —4 °С, шілдеде 15 °С; жауын-шашын мөлшер - 550 мм в год. Аралдарда бірнеше табиғи қорықтар бар.
Әкімшілік бөлінуі thumb|left|Аланд аралдарының әкімшілік бөлінуі
Әкімшілік бірлік - коммуна. Жалпы Аланд аралдарында 16 коммунна бар Брандё Эккерё Финстрём Фёглё Ета Хаммарланд Йомала Кумлинге Чёкар Лемланд Лумпарланд Мариехамн Сальтвик Соттунга Сунд Вордё
Дереккөздер
Санат:Аланд аралдары