Еркін Тілекұлы Мергенов (6.3.1940 жыл, Алматы 27.07.2015 жыл, Алматы) – мүсінші, ҚазКСР-інің халық суретшісі (1992), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.Скончался известный казахстанский скульптор Еркин Мергенов

Өмірбаяны 1962 жылы Алматыда Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген, мүсін бөлімі. 1963-1963 жылдары Кеңес Армиясы, Орта Азия әскери округі қатарында әскери борышын өтеді. 1966-1967 жылдары Алматы қаласы №105 орта мектепте сызу және сызу пәнінен сабақ берді. 1973 жылы Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетітын бітірген. 1987 – 92 жылдары және 1998 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. 1980 жылдан Алматы театр-көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) сурет кафедрасының меңгерушісі. 1981 жылы Латвия КСР-нің Рига қаласында жеке көрмесі өтті. 1982 жылы КОКП қатарынан шығарылды. 1985 жылы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы қатарына қайта алынды. 1987-1994 жылдары Қазақ КСР суретшілер одағының XII съезінде Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы болып сайланды. 1989 жылы КСРО Суретшілер Одағынан халық депутаты болып сайланды, Мәскеу қаласы, Сол жылы жеке көрмесі өтті, (Орталық Суретшілер үйі). 1990 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1990 жылы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы қатарынан шықты. 1991 жылы Германиядағы Дуйсбург қаласында өткен Халықаралық көрмеге белсенді қатысады. 1994 жылы Қазақстан суретшілер одағының мүшелігінен шықты. 1998 жылдан Халықаралық суретшілер одақтары конфедерациясы кеңесінің мүшесі, Мәскеу қ. 1999-2000 жылдары Қазақстандағы Сорос заманауи өнер орталығының басқарма төрағасы болды. 2000 жылы «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша «Платина Тарлан» тәуелсіз ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

Шығармашылығы Мергенов Еркін Тілекұлы негізінен портрет жанрында еңбек етеді. Оның мүсіндері замандастар бейнесінің шынайылығымен, өмір мен уақыт тынысын сезіндіретін шымырлығымен ерекшеленеді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 thumb|right|200px|Мергенов Е.Т. «Әке мүсіні». 1977 жыл. Қола. Қазақстан Мемлекеттік Мұражайы

Еркін Тілекұлы Мергеновтің : “Махамбет” (1973, қола), “Олжас Сүлейменов портреті” (1982, қола), “Қазақ КСР-інің халық артисі Е.Өмірзақов” (1982, гипс), “Жаңғырық” (1983), “XX ғасыр” (1988), т.б. портреттер топтамасы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:6 наурызда туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:27 шілдеде қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан мүсіншілері Санат:Қазақстан халық суретшілері Санат:Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:КСРО суретшілері Санат:Қазақстан суретшілері Санат:XX ғасыр суретшілері Санат:XXI ғасыр суретшілері Санат:КСРО мүсіншілері Санат:XX ғасыр мүсіншілері Санат:XXI ғасыр мүсіншілері Санат:Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университеті түлектері Санат:КОКП-даан шығарылғандар Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары Санат:КСРО суретшілер одағы мүшелері Санат:Шығармашылық ұйымдардан КСРО халық депутаттары Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары