Исағали Шәріпұлы Шәріпов (15 қаңтар 1905, Долгинский ауылы, Краснояр уезі, Астрахан губерниясы, Ресей империясы — 24 ақпан 1976, Мәскеу, КСРО) — саяси қайраткер. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы (1961-1965).

Өмірбаяны 1921—1924 жылдары Астрахан губерниясындағы Долгое ауылы кеңесінің хатшысы, төрағасы болып істеді.

1926—1928 жылдары БК(б)П Астрахан губерниялық комитетінің үгітшісі қызметін атқарды.

1928—1932 жылдары Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыды.

1932—1934 жылдары комсомолдық жұмыстарда болды.

1934—1937 жылдары оқытушылық қызметте болды.

1937—1938 жылдары Қазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитеті үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі болып күн көрді.

1938—1939 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

1939—1953 жылдары Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі – Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

1940 жылдың 18 наурызынан бастап Қазақстан К(б)П – Қазақстан КП Орталық Комитетінің мүшесі болды.

1941—1945 жылдары Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы тұрақты өкілі лауазымында мехнат қылды.

1953—1954 жылдары Алматы қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып еңбектенді.

1954—1956 жылдары Қазақ КСР кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болып істеді.

1956—1960 жылдары тағы да Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы тұрақты өкілі болды.

1961 жылдың 3 қаңтарынан1961 жылдың 3–4 қаңтарындағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі V шақырылымының VI сессиясының қаулысы. — 1965 жылдың 4 сәуіріне1965 жылдың 4–5 сәуіріндегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі VI шақырылымының V сессиясының қаулысы. дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы қызметін атқарды.

1961 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан КП Орталық Комитеті Бюросының мүшесі болды.

1961 жылдың 31 қазанынан — 1966 жылдың 29 наурызына дейін КОКП Орталық тексеру комиссиясының мүшесі болды.

Әдебиет «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том.

Дереккөздер

Сілтемелер Исағали Шәріпұлы. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.

Санат:Астрахан губерниясында туғандар Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағалары Санат:КОКП орталық тексеру комиссиясының мүшелері Санат:БЛКЖО функционерлері Санат:Алматы қалалық атқару комитетінің төрағалары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР ауылдық кеңестерінің төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XX съезінің делегаттары Санат:КОКП XXII съезінің делегаттары